Нокаут: Америкалық боксшы қазақ қызының соққысына шыдай алмады

Нокаут: Америкалық боксшы қазақ қызының соққысына шыдай алмады

Нокаут: Америкалық боксшы қазақ қызының соққысына шыдай алмады
ашық дереккөзі
Қазақ қызы Балауса Мұздиман кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта техникалық нокауnпен тізе бүктірді.Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Бойжеткен осыдан біраз уақыт бұрын кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Көп ұзамай ол АҚШ-тың Монро қаласында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта ауыр соққыларының астына алып, нокаутпен тізе бүктірді. Қазақстандық спортшы америкалық боксшы Кэмри Максимен қолғап түйістірген болатын. Бұл Максидің де шаршы алаңға бірінші рет шығуы. Өкінішке қарай ол қазақ қызының соққысына шыдай алмады. Айта кетейік, Балауса Мұздиман қазақстандық қыздар арасында кәсіпқой бокспен айналысқан екінші аруымыз.