Өзбекстанда қолма-қол валюта халыққа 1 қазаннан бастап сатылады

Өзбекстанда қолма-қол валюта халыққа 1 қазаннан бастап сатылады

Өзбекстанда қолма-қол валюта халыққа 1 қазаннан бастап сатылады
ашық дереккөзі
Өзбекстан билігі он жылда алғаш рет тұрғындарға қолма-қол валютаны 1 қазаннан бастап сатып алуға рұқсат береді. Республика премьер-министрі Абдулла Арипов осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Қазіргі таңда өзбекстандықтар шетел валютасын пластик төлем карталары арқылы ғана сатып ала алады. Өзбекстан премьері журналистердің девальвация тағы қайталана ма деген сұрағына: "Нарық көрсетеді", деп жауап берген. Өзбекстанда 5 қыркүйектен бастап жеке тұлғаларға валютаны айырбас пунктерінде сатуға рұқсат берді. Шетел валюталарын коммерциялық банктердің конверсия бөлімдерінде халықаралық төлем карталары арқылы жүзеге асады. Ол қаражатты шетелде жұмсауға ешқандай шектеу қойылмайды. Жергілікті баспасөз мәліметі бойынша, алғашқы аптада банктер халыққа 200 миллион доллар, ал заңды тұлғаларға 100 миллион доллар сатқан.