Жаңа смартфондардың әлсіздігінен Apple бір аптада 43 млрд. долларын жоғалтты

Жаңа смартфондардың әлсіздігінен Apple бір аптада 43 млрд. долларын жоғалтты

Жаңа смартфондардың әлсіздігінен Apple бір аптада 43 млрд. долларын жоғалтты
ашық дереккөзі
22 қыркүйекте сатылымға шыққан Apple Watch Series 3 сағатының желіге қосылу функциясынан ақау шыққаны туралы ақпарат тараған соң Apple 43 млрд. доллар шығынға ұшырады. Бұл туралы Financial Times басылымы NASDAQ биржасына сілтемемен хабарлайды. Жуырда ғана Apple компаниясы жарыққа жаңа Iphone 8 бен Iphone Х смартфонын шығарып, әлемді аузына қаратқан болатын. Өкінішке қарай, соңғы бір апта ішінде Apple 43 млрд. доллар шығынға ұшырады. Бұл соңғы 17 ай ішінде болмаған құлдырау болып тіркелді. Тағы бір себеп Iphone 8 бен Iphone 8 Plus смартфондарының кейбір әлсіз тұстары мен тұтынушылардың азайып кетуі. Оған смартфонның жаңа нұсқасының «Iphone 7-ден» көп айырмашылығының болмауы әсер еткен. Адамдар аз ғана айырмашылығы бар нұсқа үшін қыруар ақша шығындағысы келмеген көрінеді. Осы факторлардың әсерінен алдымыздағы жұма күні ғана Apple нарығы 1.6%-ға құлдырады. Естеріңізге сала кетейік, Apple компаниясы 12 қыркүйек күні жаңа Iphone смартфондарын таныстырған болатын.