Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа мұнай құбыры іске қосылады

ашық дереккөзі

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа мұнай құбыры іске қосылады

Қазақстан мен Өзбекстан 2021 жылға қарай Шымкент-Жызақ магистралды мұнай құбыры жобасының құрылысын аяқтау туралы келісімге келді. Бұл жоба іске асса, жылына 5 млн тонна мұнай тасымалданады деп жазады жергілікті БАҚ. Жоба Өзбекстан мен Қазақстан үкіметі арасындағы энергетика саласы бойынша келісім негізінде атқарылады. Атап айтқанда, құжатқа сәйкес, Шымкент - Жызақ мұнай құбырының құрылысын бастауға екі жақта атсалысып, жағдай жасайды. Жобаны қаржыландыру, құрылыс жүргізу және оны қолдануға беру кезеңдері әр мемлекеттің арнайы құрған өкілетті ұйымдары тарапынан жүзеге асады.