25 Қыркүйек 2017, 09:48 282 0 Қоғам Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа мұнай құбыры іске қосылады

Қазақстан мен Өзбекстан 2021 жылға қарай Шымкент-Жызақ магистралды мұнай құбыры жобасының құрылысын аяқтау туралы келісімге келді. Бұл жоба іске асса, жылына 5 млн тонна мұнай тасымалданады деп жазады жергілікті БАҚ.

Жоба Өзбекстан мен Қазақстан үкіметі арасындағы энергетика саласы бойынша келісім негізінде атқарылады.

Атап айтқанда, құжатқа сәйкес, Шымкент - Жызақ мұнай құбырының құрылысын бастауға екі жақта атсалысып, жағдай жасайды.

Жобаны қаржыландыру, құрылыс жүргізу және оны қолдануға беру кезеңдері әр мемлекеттің арнайы құрған өкілетті ұйымдары тарапынан жүзеге асады.

 

Соңғы жаңалықтар