Сегіз елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынады

Сегіз елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынады

Сегіз елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынады
ашық дереккөзі
Сегіз елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынады. АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше елдің азаматтарына - Венесуэла, КХДР және Чад елдеріне АҚШ-қа кіруге қатысты шектеу шараларын қатаңдатты. Бұл туралы президенттің мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости. 18 қазаннан бастап Венесуэла, КХДР және Чад елдеріне елге кіру туралы тыйым заңды күшіне енеді. Сондай-ақ, қара тізімде Иран, Йемен, Ливия, Сирия және Сомали елдері бар. Басылымның мәліметінше, АҚШ-қа кіруге Венесуэладағы бірнеше мекемедегі мемлекеттік шенеуніктерге, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ, бизнес-виза мен туристік виза иелеріне тыйым салынып отыр. Сондай-ақ, жарлықта басқа категориядағы виза иелеріне де қосымша шектеу қойылатыны айтылады. Трамп өз кезегінде бұл әрекетін иммигранттарды қауіпсіз түрде іріктей алмай жатқанымен түсіндіріп отыр. "Мен үшін ең бастысы - Американың қауіпсіздікте болуы. Біз келген адамдарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алмайтындықтан оларды өз елімізге қабылдай алмаймыз", - деп жазды Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасында. Сондай-ақ, президенттің ресми мәлімдемесінде КХДР мен Венесуэланың виза мәселесі бойынша Америка билігіндегілермен бірге қызмет істемегендіктен қара тізімге енгізілгені айтылады.