Жиені нағашы атасын сотқа сүйреді

Жиені нағашы атасын сотқа сүйреді

Жиені нағашы атасын сотқа сүйреді
ашық дереккөзі

Ақтөбелік қарт Алмұхамбет Хибинді туған жиені сотқа берді. Нағашысын сотқа сүйреген жиені қарттың кітабындағы марқұм әкесінің атына айтылған сөздерге намыстаныпты. Керек.info газетінің редакциясына келген Алмұхамбет Хибин жиенінен кешірім сұрайтынын жеткізді.

75 жастағы Алмұхамбет Хибин биыл “Ұрпағыма ұлағат” атты шежіре кітап жазады. Отбасылық әдебиетке айналатын кітаптың ішіне барлық туыс-туғандарын тізіп жазып, жақындарының тағдырына дейін суреттейді. Осы кітап ішіне қайтыс болған күйеу баласы Сәдірбай Нұрсұлтанов туралы да баяндай келіп, марқұмның араққа салынып кеткенін, ажалы ащы судан болғанын жазады. Жиенінің намысына тиген де осы сөз болыпты. Марқұм әкесінің атын ақтап алмақ болған жиені нағашысын сотқа берген. - 2017 жылы “Ұрпағыма ұлағат” деген шежіре кітап жазып едім. Сонда марқұм күйеу балам Сәдірбай Нұрсұлтановтың атына артық сөз жазылып кеткен. Сондықтан, Сәдірбай күйеу баламның туыстарынан, балаларынан басымды иіп кешірім өтінемін. Қазан айында шығатын барлық кітаптарымда қате сөздер алынып, түзетіп қайта бастырамын. Бірінші шығарылған он (10) кітапты тек елдің пікірін, жіберілген кемшіліктерді, сын-ескертпелер үшін өз інілеріме таратқан болатынмын. Олардағы Сәдірбай жөніндегі сөздер алынып тасталынады,- дейді 75 жастағы қария.