Жаңалықтар

Кәсіпкер келіншек туған ауылына 118 млн теңгеге мектеп салып берді

ашық дереккөзі

Кәсіпкер келіншек туған ауылына 118 млн теңгеге мектеп салып берді

Шымкенттік кәсіпкер әйел Гүлнар Таңатарқызы 118 млн теңгеге туған ауылына мектеп салып берді, деп хабарлайды "ТВК" арнасы. 

Келіншек Бәйдібек ауданындағы туған ауылында мектеп салып, оған өз әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Таңатар Қазақбаевтың есімін берді. "Гүлнар Таңатарқызы біздің мектептегі тұрақты демеуші. Ол үздік оқығандарға стипендия төлеп, білімге ынталандырады", - дейді Бәйдібек ауданы білім бөлімінің басшысы Ақбала Құлымбет. Бүгінде мектепте 252 оқушы екі ауысыммен білім алады. Ауданда жалпы алғанда 49 мектеп бар. 2000 мұғалім 12 мың оқушыға білім нәрін себуде.