Сағадиев 2019 жылы мектептерді қандай өзгеріс күтіп тұрғанын айтты

Сағадиев 2019 жылы мектептерді қандай өзгеріс күтіп тұрғанын айтты

Сағадиев 2019 жылы мектептерді қандай өзгеріс күтіп тұрғанын айтты
ашық дереккөзі
0-сынып бес жастағы балалардың жүз пайыз бірінші сыныпқа дайындалуына жағдай жасайды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық  реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2019 оқу жылынан 0-сыныпты енгізу. Ол  0+11, яғни он екі жылдық білім беру жүйесіне көшуге арналған. 0-сынып бес жастағы балалардың жүз пайыз бірінші сыныпқа дайындалуына жағдай жасайды. Әліппеге келсек, 0 сыныпқа арналған базалық оқулық жалпы дайын. Сынақтан өтіп отыр. Келесі жылы мұғалімдерді дайындау жұмысы басталады», - деді министр. Сонымен қатар ол былтырғы жылы басталып кеткен жаңарған білім беру мазмұнына кезең-кезеңімен көшу жүргізілетіндігін айтты. Осы жылы қосымша 2, 5, 7 сыныптар көшеді. Келесі екі жылда жаңарған мазмұнға барлық сынып толықтай көшіп болады.  Министр жаңарған мазмұнның мәні тек білу емес, сонымен қатар білімді өмірде қолдана білу екендігін атап өтті. «Бес күндік оқу аптасы нормалары бекітілген. Бірақ мектеп жағдайына және типіне қарай барлығына бірдей енгізу қиын болып тұр. Бүгінгі күні барлық мектептердің 85 пайызы толығымен, 1-11 сыныпқа дейін көшті. Бізде 300-ге жуық лицейлер мен гимназиялар бар, онда бір аптада қосымша сегіз сабаққа дейін беріледі. Олардың жоғары сыныптары бес күнде барлығын қамти алмайды. Алайда гимназия мектебіне беру ата-аналардың өзінің қалауы. Сабақтардың ұзақтығы 45-тен 40 минутқа қысқарғанына қарамастан үш ауысымда оқитын мектептерге де өте қиын болып тұр. Бұл мәселе тек үш ауысымды мектептердің қысқаруымен ғана шешіледі», - деді Е.Сағадиев.