Назарбаев "Батыр бабалар" мемориалдық кешенінде болды

Назарбаев "Батыр бабалар" мемориалдық кешенінде болды

Назарбаев "Батыр бабалар" мемориалдық кешенінде болды
ашық дереккөзі
Назарбаев "Батыр бабалар" мемориалдық кешенінде болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Батыр бабалар" мемориалдық кешенінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінің аумағында орналасқан "Батыр бабалар" мемориалдық кешеніне барды. Нұрсұлтан Назарбаев мемориалдық кешендегі Қазақстанның сақ мәдениетінен бастап Алашорда үкіметінің құрылуына дейінгі тарихын бейнелейтін экспозициялармен танысты. Мемориалдың орталық бөлігі қазақтың батырларына арналған. Сонымен қатар, Елбасыға ел тәуелсіздігі жолындағы күресте танымал болған белгілі тарихи қайраткерлер - хандар, билер және батырлар суреттерінің галереясы көрсетілді. Мемлекет басшысы Қарасай ауданының жұртшылық өкілдерімен кездесті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері мен Алматы облысының даму перспективалары талқыланды.