БҰҰ-да ядролық қаруға толық тыйым салу ұсынылды

БҰҰ-да ядролық қаруға толық тыйым салу ұсынылды

БҰҰ-да ядролық қаруға толық тыйым салу ұсынылды
ашық дереккөзі
БҰҰ-да ядролық қаруға толық тыйым салу туралы келісімге қол қою рәсімі басталды. Құжат күшіне енуі үшін оны кемінде 50 мемлекет ратификациялауы қажет. Алғашқы күні конвенцияға 51 ел қол қойды, бірақ барлық ядролық держвалар мен НАТО-ға мүше елдер келісімге қосылмады. Құжатқа қол қойғандар арасында Австрия, Алжир, Бразилия, Ватикан, Венесуэла, Индонезия, Коста-Рика, Куба, Таиланд және басқалар бар. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі – АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Қытай келісімді даярлауға қатысқан жоқ және оны ратификациялаудан бас тартты. Ресей үкіметі келісім талаптары Ресейдің ұлттық мүдделеріне сәйкес келмейді деп мәлімдеген. НАТО жетекшілігі келісімге ядролық державалардың қатыспауы және конвенцияда халықаралық қауіпсіздікке төнер қатерлердің ұлғайып отырғаны ескерілмеуі оның болашағын күмәнді етеді дейді. Халықаралық қауымдастықты Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы қатты алаңдатып отыр. Соңғы айларда Пхеньян бірнеше мәрте баллистикалық зымыран ұшырып, сутегі бомбасына ие болғаны туралы мәлімдеме жасаған. Осыған байланысты қыркүйектің ортасында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы шешімді бірауыздан қолдап дауыс берген.