Қырғызстан Қазақстанға наразылық нотасын жолдады

Қырғызстан Қазақстанға наразылық нотасын жолдады

Қырғызстан Қазақстанға наразылық нотасын жолдады
ашық дереккөзі
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы сайлау алдындағы үгіт-насихат ережесіне сай Бабанов пен Назарбаевтың кездесуіне баға берді, деп хабарлайды sputniknews.kz
Президенттікке үміткер Омурбек Бабанов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі туралы ақпараттың жариялануына Орталық сайлау комиссиясы тыйым салмайды, деп хабарлады ОСК мүшесі Кайрат Осмоналиев "Вечерний Бишкек" порталына. Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Омурбек Бабановтың кездесуі туралы хабарламасынан соң мәселе көтерілген болатын. Жаңалық қазақстандық және қырғызстандық БАҚ-да таралып, Қырғызстан сыртқы істер министрлігі қазақстандық СІМ-не наразылық нотасын жолдаған.

"Бәріміз Нұрсұлтан Назарбаевты білеміз, оның үміткерлердің бірімен кездесуін жастар арасында жасырын үгіт-насихат ретінде пайдалануы мүмкін. Үгіт-насихат туралы заңда шетелдік мемлекет басшыларының суретін үгіт-насихат материалдарында пайдалануға тыйым салынған. Яғни, олар мұны үгіт-насихат материалдарында пайдаланатын болса, әлбетте, бұл заңды бұзады. Бірақ материал Қазақстанның ресми сайтында жарияланып, Қазақстан БАҚ-да таралды, бұл ОСК құзыретіне жатпайды, кіммен кездесіп, не жариялайтындарын өздері біледі ғой. Қолданушылар материалды әлеуметтік желілерде, топтарда таратқан, бұған да тыйым сала алмаймыз", — деп пікір білдірді Осмоналиев.

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесіне қарамастан, қырғыз тарабы бұл кездесудің жариялануын Қырғызстан халқының сайлауына әсер етеді деп санап, Қырғыз Республикасының ішкі істеріне араласу ретінде бағалады. Қырғызстанда президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.