Семейде әскери көлік аударылып, сарбаз көз жұмды

Семейде әскери көлік аударылып, сарбаз көз жұмды

Семейде әскери көлік аударылып, сарбаз көз жұмды
ашық дереккөзі

Семейде әскери көлік аударылып, нәтижесінде әскери бөлімшенің жүргізуші-механигі қайтыс болды. Бұл туралы Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгін сағат 14.30-да әскери дайындықтан қайтып келе жатқан броневик жол апатына түсті. Салдарынан жүргізуші-механик қайтыс болды.
Қазіргі таңда  жол апатының себептері анықталып жатыр. Істің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия тағаындалған. Қазақстан қорғаныс министрілігінің басшылығы мен Қарулы күштер құрамы қайтыс болған қызметкердің отбасына қайғырып көңіл айтады. Айта кету керек, бұған дейін аударылып жатқан әскери көліктің суретін Facebook желісінің қолданушысы желіге салған. Куәгерлер ұсынған ақпарат бойынша, мамандандырылған көлік көпірдің маңында апатқа түскен.