Канелоға жоғары ұпай берген төреші әйел қызметінен шеттетілді

Канелоға жоғары ұпай берген төреші әйел қызметінен шеттетілді

Канелоға жоғары ұпай берген төреші әйел қызметінен шеттетілді
ашық дереккөзі

 Геннадий Головкин мен  Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің төрешілерінің бірі Аделаида Берд ірі және маңызды кездесулерден уақытша шеттетілді. Бұл туралы Невада штаты Атлетика комиссиясының басшысы Боб Беннет мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

«Әзірге оны маңызды жекпе-жектерге жібермеймін. Ол бұрынғысынша өз ісімен айналыса береді, алайда біраз уақыт дамылдайды. Ол ауыр кешті бастан өткізді. Өкініштісі, міндетін ойдағыдай атқарған жоқ. Оның қойған бағасы шындыққа сәйкес емес», - деді Беннет Los Angeles Times-қа берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, мексикалықтың пайдасына 118:110 деген баға қойған Берд бокс қауымдастығының наразылығын туғызған еді. Ал екінші төреші Дейв Моретти жеңісті Головкинге берсе (115-113), Дон Трелла жекпе-жек тең өтті деген шешім шығарды – 114-114.