Ресейде президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Ресейде президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Ресейде президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Ресей президенттігіне сайлау 2018 жылғы 18 наурызда өтеді. Бұл жайлы Ресей Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Майя Гришина мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. «5-і мен 10-ы (наурыздың) аралығындағы аптада бір мереке күні болғандықтан, сайлау келесі жексенбіде өтеді. Сондықтан біз жұрттың бәріне қазірден-ақ ресми жариялаймыз, 18 наурызда сайлау өтеді», - дейді Гришина Ресей Еңбек министрлігінің келер жылғы демалыс және мейрам күндері туралы жобасына пікір білдіре отырып. Бұрын Ресей Еңбек министрлігіндегілер әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үкімет комиссиясының 2018 жылы демалыс күндерін көшіру кестесін бекіткенін мәлімдеген болатын. Құжатқа сәйкес, ресейліктер 8 наурыздан 11 наурызға дейін демалады.