Шымкенттіктер ұлдарына Нұрсұлтан есімін қоюдан рекорд орнатты

Шымкенттіктер ұлдарына Нұрсұлтан есімін қоюдан рекорд орнатты

Шымкенттіктер ұлдарына Нұрсұлтан есімін қоюдан рекорд орнатты
ашық дереккөзі

Қазақстан бойынша Нұрсұлтан есімін иемденген балалардың көпшілігі ОҚО-да тұратын болып шықты. Өңірде 1991 жылдан 2016 жылға дейін 10265 Нұрсұлтан дүниеге келген. Бұл туралы  otyrar.kz хабарлады.

Ал Нұрсұлтандар ең аз кездесетін өңір - Солтүстік Қазақстан. Онда бар-жоғы 483 адам Нұрсұлтан есімін алған.

ОҚО-дан кейін екінші орынға Алматы облысы жайғасты. Өңірде 4585 Нұрсұлтан тұрады екен. Жамбыл мен Қызылорда облысының да көрсеткіштері жаман емес, сәйкесінше 3940 және 3081 Нұрсұлтан. Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған 2528 Нұрсұлтан бар. Шымкентте 100 Нұрсұлтаннан бүтін бір хор жинауға болады. Ал бүкіл Қазақстан бойынша Нұрсұлтандар саны 38 мыңнан асып жығылады. Айта кетерлігі, президентке Құрандағы екі есімді біріктірген Нұрсұлтан деген есімді әжесі берген.