Сәләфиттердің қай аймақта көп екені белгілі болды

Сәләфиттердің қай аймақта көп екені белгілі болды

Сәләфиттердің қай аймақта көп екені белгілі болды
ашық дереккөзі
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қай өңірде теріс діни ағымның жетегінде жүрген азаматтардың көп екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 
"Адасып жүрген, деструктивті діни ағымдарды ұстанып жүрген азаматтардың көпшілігі батыс өңірлерде, атап айтқанда Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында, одан кейін Алматы қаласында және Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады", — деді Ермекбаев тілшілердің сұрағына берген жауабында. Министр атап өткендей, жат ағымда жүрген адамдарды тура жолға салу бо йынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 2500 адам дәстүрлі діни сенімге қайтарылған.