Оңтүстікқазақстандықтар Қайратқа темір тұлпар мінгізді
Оңтүстікқазақстандықтар Қайратқа темір тұлпар мінгізді
Оңтүстік Қазақстан облысының бокс федерациясы әлем чемпионы атанған Қайрат Ералиевке көлік сыйлады. Марапаттан бапкері Мырзағали Айтжанов та құр қалмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Федерация басшылығы әлем чемпионына арнайы құрмет көрсетіп, «Тойота Камри-55» автокөлігін тарту етті. Спортшының бапкері Мырзағали Айтжанов та дәл осындай темір тұлпар мініп қайтты.
Бұдан бөлек, Қазақстанның бокс бойынша ұлттық құраманың бас бапкеріне ауылдастары ат мінгізіп, иығына шапан жапты.
Айта кетейік, Гамбургте бокстан әуесқойлар арасында өткен ХІХ әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдені олжалап, жалпыкомандалық есепте 3-ші орынға тұрақтаған болатын. Дүбірлі додада оңтүстікқазақстандық боксшы Қайрат Ералиев алтын медальді жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.