ҚазҰУ ректоры ISESCO сыйлығының иегері атанды

ҚазҰУ ректоры ISESCO сыйлығының иегері атанды

ҚазҰУ ректоры ISESCO сыйлығының иегері атанды
ашық дереккөзі
ҚазҰУ ректоры ISESCO сыйлығының иегері атанды. Ислам ынтымақтастығы Ұйымының «Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті барысында ISESCO бас директоры Абдулазиз Осман әл-Тувейджри әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рек­торы Ғалымқайыр Мұтановқа ISESCO сыйлығын та­быс етті. Абдулазиз Осман әл-Тувейджридің атап өтуінше, қа­зақстандық ғалым аталған мәртебелі наградаға ғылым жолындағы еңбегінің халықаралық деңгейде жо­ғары бағаланып, мойындалғаны және математикалық мод­ель­деу, техникалық әрі әлеуметтік-экономикалық жүйе­­лерді басқару саласындағы зор үлесі үшін мара­пат­­талған. ISESCO сыйлығы Ислам ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттердің ғалымдарына биология, химия, геология, математика, физика және ғылыми технология салаларына қосқан айрықша ғылыми-инновациялық үлестері үшін беріледі. Сыйлық сертификаттан, алтын медальдан және ақшалай сыйақыдан тұрады. ISESCO-ны 1979 жылы Ислам Конференциясы Ұй­ы­мы құрған болатын. Оның құрамына 50-ден астам мем­ле­кет кіреді. Халықаралық ұйымның қызметі ислам әле­мі елдерінің ғылымын, білімі мен мәдениетін дамы­ту­ға жә­не оған жан-жақты қолдау көрсетуге бағыт­тал­ған.