Каталония тәуелсіздік алуы мүмкін
Каталония тәуелсіздік алуы мүмкін
Каталония өз егемендігін алу мақсатында референдум жариялағаннан кейін Еуроодақта дау басталды. Автономды аймақ референдумды 1 қазанда өткізбек. Алайда ресми Мадрид бұған жол бермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.
Испания Премьер-министрі Мариано Рахой сепартистердің әрекетін «алаяқтық және сандырақ» деп, бұл бастаманың заңсыз екенін айтты. Ал Еурокомиссия барлық тарапты Еуроодаққа мүше елдердің конституциялық нормаларын сақтауға шақырды. Ұйымның атқарушы органының басшысы Жан-Клод Юнкер Испанияның конституциялық соты мен парламентінің шешімін ұстанатынын және Еуропадағы сепаратизмді қолдамайтынын жеткізді. Бірақ Каталония егемендігін алатын болса, аймақтың таңдауын қолдайтынын және оның Еуроодаққа қосылу мүмкіндігін жоққа шығармады. Оның орынбасары Франс Тиммерманс та осыған байланысты мәлімдеме жасады.
Франс Тиммерманс, Еурокомиссияның вице-президенті:
- Жан-Клод Юнкер Испанияда бұған дейін қалыптасқан конституциялық құрылымға сүйенетінін баса айтты. Ал егер Еуроодақпен қарым-қатынас мәселесіне келетін болсақ, Еуроодаққа мүше кез келген елдегі процестердің барлық тараптары өз мемлекеттерінің тәртібіне бағынуы тиіс. Біз Еуроодаққа мүше елдердің конституциясына бағынғанын қалаймыз. Егер конституция аясында одаққа мүше елдердің біреуі өз тәуелсіздігіне қол жеткізсе, Еурокомиссияның онымен келіспеске амалы жоқ, біз осыны негізге аламыз.