Головкиннің келесі кездесуі желтоқсанда өтуі мүмкін
Головкиннің келесі кездесуі желтоқсанда өтуі мүмкін
CBS Sports журналисі Лайл Фитцсиммонс промоутер Том Леффлерге сілтеме жасап, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі желтоқсанда өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
GGG-ге желтоқсан айында британиялық Билли Джо Сондерс немесе пуэрто-риколық Мигель Котто қарсылас болады.
Ал Сауль Альвареспен қарымта кездесу 2018 жылдың мамыр айында өткізілуі мүмкін.
Леффлердің айтуынша Сондерс Головкинмен өткізетін жекпе-жектен «жеңіл ақша» табуды көздейді, ал Коттомен кездесу жайында ол мұны анықтайтын бір жолдың бар екендігін қоса кеткен.
Еске сала кетейік, кеше ғана Головкин Альвареспен жұдырық түйістіріп, тең түскен болатын.