Қазақстанда көлеңкелі экономика деңгейі төмен

Қазақстанда көлеңкелі экономика деңгейі төмен

Қазақстанда көлеңкелі экономика деңгейі төмен
ашық дереккөзі
Қазақстанда көлеңкелі экономика көлемі біртіндеп азайып келеді. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылы Жалпы ішкі өнімдегі бақыланбайтын экономика үлесі 25,8% болған. Бұл туралы Finprom.kz агенттігі хабарлады. Ал одан бұрын, яғни 2015 жылы көлеңкелі экономика үлесі 27,5%, 2013 жылы 28% болған. ТМД елдеріне қарағанда Қазақстанда бақыланбайтын тауарлар өндірісі мен қызметтердің деңгейі төмен. Сертификаттаушы бухгалтерлер қауымдастығының (ACCA) мәліметі бойынша, Ресейдегі көлеңкелі экономиканың үлесі 39%, Украинада - 46%. Ал Әзербайжанда, ACCA есептеулерібойынша, экономиканың 67% -дан астамы көлеңкеде жатыр. Алайда жаһандық масштаб бойынша, Қазақстанда көлеңкелі экономиканың деңгейі  (23%) жоғары болып отыр. Әсіресе, Қазақстанда көтерме және бөлшек саудамен айналысатын сауда кәсіпорындары көлеңекелі экономикада жиі қалады. Мысалы 2016 жылы қызметтердің 9,2% -ы ресми тіркелместен жұмыс істеген. Бір жыл бұрын бұл үлес 8,2% деңгейінде төмен болды. Жылжымайтын мүлік саласындағы көлеңкелі экономиканың үлесі  6,9%-дан 6,3%-ға дейін төмендеген.