Жаңалықтар

Астанада бір жылдың ішінде оқулықтар бағасы 23 пайызға қымбаттады

ашық дереккөзі

Астанада бір жылдың ішінде оқулықтар бағасы 23 пайызға қымбаттады

Астанада бір жылдың ішінде оқулықтар бағасы 23%-ке қымбаттады. Қазақстанда дүкендер мен басқа да бөлшек сауда нүктелерінде оқулықтар бағасы 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2017 жылдың тамызында 8,1%-ке, ал апта сайын шығатын газеттер - 9,2%-ке қымбаттаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. Атап айтқанда, Астанада тамыз айында оқулықтар мен анықтамалар айтарлықтай қымбаттаған - бір данасына 22,7%-ке, 1805 теңгеге, Семейде - 8,4%-ке, 116 теңгеге, Атырауда - 1%-ке 133 теңгеге артқан. Биыл қаңтар-маусым аралығында қазақстандық басылымдар 19,66 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл - өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ке аз. Алматыда басылым қызметінің көлемі 5,2%-ке, яғни 8,28 млрд теңгеге, ал Астанада - 12,5%-ке 4,88 млрд теңгеге төмендеген.