Қостанайда Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рəсімі өтті

Қостанайда Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рəсімі өтті

Қостанайда Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рəсімі өтті
ашық дереккөзі
Қостанай облысы, Амангелді ауданында Кейкі Көкембайұлы кесенесі бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Араға ғасырға жуық уақыт салып, былтыр елге оралған батырдың сүйегін жерлеу рәсімі Амангелді ауданында өтті. Тарихи оқиғаның куəсі болмаққа алыс-жақыннан танымал тұлғалар келді. Олардың арасында ҚР Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар бар. Батыр сүйегін жерлеу рəсімі сағат 11:00-де басталды. Алдымен, баба рухына құран бағышталды. Сүйекті жер қойнына тапсыру рəсіміне ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіхалықова, ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қостанай  облысының əкімі Архимед Мұхамбетов, Венгрияның Қазақстандағы елшісі Барани Андраш, ҚР Парламенті депутаты Қуаныш Сұлтанов, жазушы Сəбит Досанов қатысты. «Жаңа мемориалдық кешеннің құрылысы бойынша барлық жұмыстар белгіленген уақытта  аяқталды. Оның барысын үнемі қадағалап отырдық.  Міне, үкіметтің келісімімен батыр сүйегін салтанатты түрде жерлеу рәсімін ұйымдастырып отырмыз. Кейкі батырдың тарихтағы орны ерекше. Мынадай сəулетті кесене жастарымыздың бойына рух бітіреді, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізеді», - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов. Жиында Кейкі батыр туралы қоғам қайраткерлері де пікір айтты.  «Кейкі Көкембайұлы - ұлтының азаттығы жолында күрескен ұлт қаһарманы. Оның жарқын бейнесі  ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ерлігі елін рухтандырып тұра бермек», - деді жазушы Сəбит Досанов. Кейкі батыр ұрпақтары атынан Серік Ақылбай сөз сөйлеп, ғасыр бойы сырт елде жатқан батыр сүйегін елге əкелуге себепші болған Елбасына алғысын білдірді. Батыр Жолайұлы.