Қазақстанда әкімшілік айппұлдар мөлшері төмендетілмек

Қазақстанда әкімшілік айппұлдар мөлшері төмендетілмек

Қазақстанда әкімшілік айппұлдар мөлшері төмендетілмек
ашық дереккөзі
Қазақстанда әкімшілік айппұлдар мөлшері төмендетілмек. Әкімшілік жазалар аясында 157 құрам бойынша айыппұл мөлшерін төмендету ұсынылып отыр. Бұл туралы Мәжілісте «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыруар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың 345 құрамы бойынша санкциялар жеңілдейді. Оның ішінде 157 құрам бойынша айыппұл мөлшерін төмендеу ескеріліп отыр. Сонымен қатар ескерту институтын кеңейту де қарастырылған, яғни «ескерту жасау» жазасын ескеретін құрамдардың санын 38-ге дейін көбейту және және 30 құрам бойынша жазаны қайта қарау қамтылған», - деді Баймолдина. ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне қарағанда, аса қауіп төндірмеген құқық бұзушылықтар тұрғысында айппұл мөлшерін азайту ескерілген. «Соңғы үш жылда бізде жол-көлік оқиғаларының саны азайып келеді. Осы орайда апат салдарынан жарақат алғандар мен қаза болған адамдар да азайды. Сондықтан заңнаманы ізгілендіру мен айппұлдар мөлшерін азайту қадамына барып отырмыз»,- деді тілшілерге берген сұхбатында Е. Тұрғымбаев.