«Адем» сауда үйіндегі шығын алдын-ала болжам бойынша 5,3 млрд теңге болды

«Адем» сауда үйіндегі шығын алдын-ала болжам бойынша 5,3 млрд теңге болды

«Адем» сауда үйіндегі шығын алдын-ала болжам бойынша 5,3 млрд теңге болды
ашық дереккөзі

«Адем» сауда орталығындағы өрттің шығыны алдын-ала болжаммен 5,3 млрд теңге болуы мүмкін. Бұл туралы «Еуразия» сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі  хабарлайды. Сақтандырушылардың алдын-ала мәліметі бойынша, лосс-аджестер мүлікті сақтандыру секторы бойынша шығын 5,3 млрд теңге деген қорытынды шығарды.

«Осы арқылы Адемдегі өртті Қазақстандағы сақтандыру компанияларымен реттелген ең ірі сақтандыру шығыны деп айтуға болады. Сақтандырушылар мүліктік шығындардың барлығы отандық сақтандыру нарығының қарызын аттыру трендінің көрінісі емес, оқыс жағдайлар заңының нәтижесінен деп біледі»,- деп хабарлайды баспасөз қызметінен. «Еуразия» компаниясы «Адем» кешенін сақтандыру күрделі жүйе бойынша жүзеге асырылғандығын атап өтті. «Қазақстандық компания нысанды сақтандырып, компания қайта сақтандырудағы қауіп тәуекелін Таяу Шығыс елдерінің біріндегі резидентке берді.

Одан кейін қауіп еуропалық компанияға қайта сақтандырылып, оның бір бөлігі қазақстандық «Еуразия» компаниясына берілді», — деп атап өтеді баспасөз қызметі. Осыған дейін «Адем» сауда орталығының өрт аумағында орналаспаған корпустағы жалға алушылар мүліктерін сақтандыруға белсенді түрде қызыға бастағандығы хабарланған еді.