Жаңалықтар

ЕХРО көрмесі кезінде дәрігерлер 8 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

ашық дереккөзі

ЕХРО көрмесі кезінде дәрігерлер 8 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде 8 мың 917 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, дәрігер көмегіне жүгінгендердің 7 мың 447-сі Қазақстан азаматтары. Әлемнің 67 елінен 1 мың 470 адам отандық медицинадан көмек алған. Үш жүзден астам пациент ауруханаға жатқызылды. Қытай азаматшасын босандырып, дертті туған сәбиіне күрделі операция жасалыпты. Қазір екеуі де дін аман. Елдеріне есен-сау қайтқан. Журналистер алдында есеп берген сала мамандары көрме аумағының өзінде 6 мың адам дәрігерлерге көрінгенін айтады. Басым көпшілігі басынан күн өткендер немесе қан қысымы көтерілгендер. Елең еткізерлік ауру-сырқау тіркелмеген. Мертіккен ешкім жоқ. Бірыңғай көпарналы телефон жүйесі арқылы 3 мың 130 рет жедел көмек бригадасы шақырылған. Санитарлық ахуалды реттеуде де мақсат орындалды. Аумақтардан 300 маман тартылып, екі зертхана көлігі жасақталды. «Екі зертхана аса қауіпті потогенді зерттеуге, екіншіден, қоршаған ортада зиянды заттарды зерттеу үшін және радиация жағдайын өлшеуге арналған. Сондықтан біз осы жұмысты істеген кезде 12 мыңнан астам өнімнің сыныптарын зерттедік. Оның ішінде 275 сынып гигиеналық талаптарға сай болмағаны үшін 600-ден астам өнім партияларын осы көрменің аумағына жіберген жоқпыз», – дейді Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.