Жаңа Кеден кодексі ұсынылды

Жаңа Кеден кодексі ұсынылды

Жаңа Кеден кодексі ұсынылды
ашық дереккөзі
Кедендік баж салығы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға болады, – деп хабарлайды Астана арнасы.   Жаңа Кеден кодексі жобасы осындай жеңілдіктерді қарастырады. Соңғы үш жыл бойы Еуразиялық экономикалық комиссия одақтың жаңа Кеден кодексі жобасын әзірлеген. Қазақстан бұл құжатқа 552 түзету жолдады. Бұл барлық түзетулердің 38 пайызы. Олардың  65 пайызы қабылданды. Одақтың жаңа Кеден кодексі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. «Мемлекет декларантқа пайыз төлеу арқылы бір айға кейінге қалдыру құқығын береді. Кейбір жағдайларда пайызды төлемей-ақ алты айға дейін бөліп төлеу ұсынылады. Ол: халықаралық шарттар шеңберінде жүкті жеткізу кезінде; ауыл шаруашылығы техникасын, егін жұмысының материалдарын, асыл тұқымды жануарларды әкелу кезінде; табиғи зілзала, технологиялық апат немесе төтенше жағдайда тасымалдаушыға залал келтірілген кезде ұсынылады», – дейді ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Айбатыр Жұмағұлов. Құжатты құрастырушы – Ұлттық экономика министрлігі. Орындаушы – Мемлекеттік кіріс комитеті.