BP Capital: мұнай бағасы қайтадан барреліне 100 доллар болуы мүмкін

BP Capital: мұнай бағасы қайтадан барреліне 100 доллар болуы мүмкін

BP Capital: мұнай бағасы қайтадан барреліне 100 доллар болуы мүмкін
ашық дереккөзі

Мұнай бағасы қайтадан барреліне 100 доллар болуы мүмкін. Бұлай деуге себеп — келер жылғы АҚШ-тағы өндіріс көлемінің азаюы деп есептейді BP Capital LLC хедж-қорының негізін қалаушысы, басшысы, сарапшы Бун Пикенс. BP Capital-дың энергетикалық секторға инвестиция құятын екі қоры мұнай сатып алады деп мәлімдеді хедж-қордың бас инвестициялық директоры Дэвид Мини: «Біз барреліне 100 доллар болатын мұнай бағасы қайта оралмайды деп ойлайтындардың қатарынан емеспіз, — дейді Д.Мини. — Қысқа мерзімді бағалардың кері серпілу мүмкіндігіне қарамастан, болашақта өндірісті дамыту үшін мұнай бағасының жоғары болуы керек»,-дейді.

WTI мұнайының бағасы алты жылда максимал деңгей — 40 пайызға көтерілді. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың наурыз айында байқалды. Д.Минидің болжамы бойынша, мұнай бағасы 2015 жылдың соңына дейін барреліне 70 доллар болып көтерілуі мүмкін.

АҚШ Энергетика министрлігінің бағалауы бойынша, елдегі мұнай өндірісі өткен аптада тәулігіне 9,37 млн баррельді құраған. «АҚШ мұнай өндірісі өзінің шыңына шықты деп ойлаймыз. 2015 жылдың соңына қарай елдегі мұнай өндірісінің көлемі өткен жылдың көрсеткішімен бірдей болуы мүмкін», — дейді Д.Мини.

WTI мұнайының маусым айындағы фьючерсі Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудасында 0,4 долларға төмендеп (0,67%), барреліне 59,48 долларды құрады. Brent мұнайының шілде айындағы фьючерсі ICE Futures  лондон биржасында 0,22 долларға азайып (0,33%), барреліне 66,48 доллар болды.