Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін тамашалайтынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Бұл қазақстандықтар үшін ірі шара. Бұл оқиға барлығын теледидардың алдына жинайды. Біздің жерлесіміз GGG қиратады. Бұл кездесу өте маңызды, мексикалық Сауль Альварес – өте танымал, жоғары санаттағы боксшы. Бұл жекпе-жек барлығына мүмкіндік береді, біз Головкиннің жеңетініне сенеміз, ол кәсіпқой бокстағы орта салмақта король атанады. Мұхамед Әли, Тайсондармен теңеседі. Ол үшін бұл өте маңызды. Барлығымыз оған сәттілік тілейік», – деді Назарбаев Ақордада өткен баспасөз конференциясында журналистің сұрағына жауап бере отырып. «Ол кезде мен көрші елде боламын, алайда жекпе-жекті міндетті түрде көремін. Барлығымыз оған жанкүйер боламыз», – деді Президент. Айта кетейік, 17 қыркүйекте Қазақстан Президенті Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында Мемлекет басшысы Ашхабадта өтетін V Азия ойындарында болады. Астана уақыты бойынша Головкин мен Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекте, жексенбіде таңғы уақытта болады.