Жаңалықтар

Өзбекстан Мьянма мұсылмандарына көмек қолын созбақ

ашық дереккөзі

Өзбекстан Мьянма мұсылмандарына көмек қолын созбақ

Өзбекстан үкіметі Мьянмадағы босқын-рохинджаларға гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады деп жазады centralasian.org. Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі халқының Мьянмадағы жағдайды өте ауыр қабылдағанын, әсіресе азшылық мұсылмандарды азаптау фактілері үрей туғызды деп хабарлайды. «БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі декларациясы мен Жарлығындағы ұстанымдарды негізге алып, Өзбекстан адамзатқа қарсы кез-келген азаптауды айыптайды», – делінген Өзбекстанның СІМ таратқан мәлімдемесінде. Өзбекстан Мьянма билігін кінәсіз мұсылмандарға қарсы азаптауды шұғыл түрде тоқтатып, мәселені бейбіт түрде шешуге шақырады.