Артаев пен Левит ҚЭУ магистранты атанды

Артаев пен Левит ҚЭУ магистранты атанды

Артаев пен Левит ҚЭУ магистранты атанды
ашық дереккөзі
Биылғы оқу жылында  Қарағанды экономикалық университетінің магистратурасы «жұлдызды» білімгерлермен толықты. Жаңадан келгендер қатарында атақты спортшылар мен айтыскерлер бар. ҚЭУ магистратурасына «кедендік қызмет» мамандығы бойынша Олимпиада ойындарының жүлдегері Василий Левит түсті, деп хабарлайды Bnews.kz. Сонымен қатар бұл жоғарғы оқу орнында танымал боксшы, олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев та оқитын болады. Ол «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын таңдаған. Ал атақты айтыскер Дидар Кәмиев құқықтану бойынша білімін жетілдіреді. Олардың барлығы мемлекеттік оқу гранттарын алып, тегін оқитын болады. Магистрлік курс екі жылға созылады. «Мен Серік Сәпиевтің ізін қудым. Ол осы университетте оқиды. Бірінші алған жоғарғы білімім - заңгер, екіншісінде кедендік қызметті таңдадым. Келешекте өмірімді осы мамандықпен байланыстыруым әбден мүмкін», - деді Василий Левит. Осыған дейін Василий Левит ҚЭУ-де қонақ ретінде болып, студенттермен кездескен, шеберлік-сыныптарын өткізген. Университет өзінің спорттық базасымен танымал. Олипиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев екі жоғарғы білімге ие. Ол Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «дене шынықтыру педагогы», «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Сонан соң Қарағанды мемлпекеттік техникалық университетінде «тау кен ісі» мамандығы бойынша диплом алған. «Спорттық менеджер» мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасының стипендианты болған. Қазіргі таңда Серік Сәпиев ҚЭУ-нің «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавриатында білім алып жатыр. ҚЭУ-ге биылғы жылы сонымен қатар ұлттық құрама мүшелері мен спорт шеберлері де түскен. Олардың қатарында мини-футбол бойынша Қазақстанның үш дүркін чемпионы Владислав Черномордов, қазақ күресі бойынша еліміздің жастар құрамасының мүшесі Сержан Бейсенбаев және биатлон бойынша юниорлар арасында еліміздің екі дүркін чемпионы, Олимпиада құрамасына үміткер ең жас спортшы Виктория Катаева бар.