Головкин мен Альварес көз түйістірді
Головкин мен Альварес көз түйістірді
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жек алдында қорытынды баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.
Головкин промоутерлерге, демеушілер мен ұйымдастырушыларға, сонымен қатар, HBO PPV телеарнасына алғыс білдірді .
«Бұл бокс үшін өте маңызды уақыт. Мен көп сөйлегім келмейді. Мен дайынмын, Альварестің командасын құрметтеймін. Бұл біз үшін маңызды күн! 16 қыркүйекте T-Mobile аренасына қош келдіңіздер, бұл ірі әрі тарихи жекпе-жек. 16 қыркүйекте кездескенше», - деді Головкин.
Альварес өзін қолдаушыларға алғыс білдірді.
«Сіздер мені білесіздер: мен көп сөйлей алмаймын. Менің бар айтпағым - мен дайынмын. Жекпе-жектің тым ауыр болатынын білемін, бірақ мен оған дайынмын. Сіздер осы жекпе-жектен ләззат алсын деген тілектемін. Сенбіде кездескенше», - деді Альварес.
Баспасөз конференциясы аяқталғаннан кейін боксшылар көз түйістірді.