Головкин мен Альварес көз түйістірді

Головкин мен Альварес көз түйістірді

Головкин мен Альварес көз түйістірді
ашық дереккөзі
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жек алдында қорытынды баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлады Vesti.kz. Головкин промоутерлерге, демеушілер мен ұйымдастырушыларға, сонымен қатар, HBO PPV телеарнасына алғыс білдірді . «Бұл бокс үшін өте маңызды уақыт. Мен көп сөйлегім келмейді. Мен дайынмын, Альварестің командасын құрметтеймін. Бұл біз үшін маңызды күн! 16 қыркүйекте T-Mobile аренасына қош келдіңіздер, бұл ірі әрі тарихи жекпе-жек. 16 қыркүйекте кездескенше», - деді Головкин. Альварес өзін қолдаушыларға алғыс білдірді. «Сіздер мені білесіздер: мен көп сөйлей алмаймын. Менің бар айтпағым - мен дайынмын. Жекпе-жектің тым ауыр болатынын білемін, бірақ мен оған дайынмын. Сіздер осы жекпе-жектен ләззат алсын деген тілектемін. Сенбіде кездескенше», - деді Альварес. Баспасөз конференциясы аяқталғаннан кейін боксшылар көз түйістірді.