Несіпбек Дәутайұлы: Жалғыздықтың құдіреті — ойы мен қиялында

Ол тосын адам. Қазаққа мүлдем бөтен бейне. Сырт қарағанда солай… Жазушылар одағында аса бір маңызды жиын өтіп, жұрт тараған тұста әсем ғимараттың алдында кең етек ковбой қалпақты көзіне түсіріңкіреп киген ұзын бойлы, ашаң, сұстылау жүзіне күлкі үйіріле қоймайтын тосын кісі талайдың назарын аударғаны күмәнсіз. «Күлмейтіні қалай, – деп ойлар еді кейбіреулер осындайда. – Арқа-жарқа боп, бір-бірімен қайшыласа құшақтасып, қауқылдасып жүрген қаламгерлерге өкпесі қара қазандай кісі ме? Әлде жалғыздыққа берілген кісікиік пе?».

Әрине, бізде ойлау еркіндігіне жол ашық. Не ойласаң да өзің біл! Ал ол кісімен сөйлессең… терең біліміне, арғы-бергі әлем жазушыларының жазғандарын жіліктеп шағатын біліктілігіне, қаймана қазаққа жүрегін жұлып берердей ақи мәрттігіне еріксіз бас иесің.

Ол – Алматыдан алыста тірлік кешсе де, алып шаһарда іштей талықсып жүргендердің талайының қолтығынан демеуші, қамқоршысына айналған Несағаң. Ол – көрнекті қазақ қаламгері, дарынды жазушы Несіпбек Дәутайұлы!

Редакциядан

– Несаға, бұл сізбен алғаш рет сұхбаттасуым. Тәжірибемнің аздығы аңғарылып қалмай ма деп алаңдап отырғаным да, көкейдегіні бүкпей сөйлейтін тік мінезіңізден жүрексіне келгенім де шындық. Тілшілік қызметіңіздің алғашқы жылдары осындай күй сіздің де бастан өткен болар…

– Алғашқы кезде… Қалқам-ау, сендегі көңіл-күй біздің де бастан өткен. Десе де, «өзекті жанға бір өлім» дейтін тәуекел алған беттен қайтара ма?! Біз алты жасынан асау үйретіп өскендерміз. Әдепкіде тулаған асаудың үстінен қалай ұшып түскенімізді білмей қалатынбыз. Оңбай құлау оңай ма. Басыңмен түскенде, шыр айналған дүниемен бірге шыбын жаның да бірге шығып бара жатқандай болатын. Шалдар қоймайды: «Әй, күшік, қане, мін қайта, – дейді төрт өрім қамшысын төбеңде ойнатып. – Кеудесінде жаны мен намысы бар қазақтың асаудан өлгенін көрген жоқпыз. Қане!». Мінесің. Жығыласың. Мінесің, тағы жығыласың. Бірақ, жетесің дегеніңе. Үйретесің асауды. Үйретуге өзің де үйренесің. Ниет болсын де. Талап болсын де. Қайтпас мінез қалыптасады.

– Жазу жаныңыздың жалауына айналатынын қай кезде сездіңіз?

– «Жас кезімнен-ақ» деп жанымды жеп қайтем. Бәрі беріректе. Ешкімге ұқсамай жазуға мүмкіндігім бар екенін сәл-пәл аңғарғанда. «Көгілдір көйлекті келіншекті» жазып жүргенім, сол. Эротикалық-тентектеу сипаты бар, негізі жабық тақырыптың жабуын (Айгүл Кемелбаеваның сөзі) көтерген көріністер көркемдік қалыпқа түскенде жазу мәнеріндегі жанымды жалаулатқан қолтаңбам қылт-қылт еткен. Бұл өзі қалай болар екен, жұрт қалай қабылдайды деп, жалтақтаған жоқпын. «Таңшолпанға» жіберіп едім, қайсыбір күні телефонға Әбдіжәміл Нұрпейісов ағамыз шақырып тұр. Ешуақытта бетпе-бет келіп, қол беріп, жүздеспеген адамым. «Әй, айналайын, –  деді. – Сенің мынау «Көгілдір көйлекті келіншегің» менің алдымда жатыр. Кірпіш қалағандай мінсіз екен. Дегенмен, алдыңғы үш бетін қайта қарашы».

Қарадым. Бәрі дұрыс сияқты. Ақау қай жерінде, білсем қане. Содан қанша жыл өтті, әлгі әңгімені парақтап отырғанда… Таңғалғаным, Әбең алдыңғы үш бетінің әр жерінде тұтас сөйлемнің арасындағы аз-кем сөзді түзеткен екен. Реті келгенде айтып отырмын мұны.

Иә, «Көгілдір көйлекті келіншек» осы күні жастар жағы жабыла оқып жүрген, көркем ізденісімдегі жаңа өріске жетелеген шығармам.

– «Суреткері аз қоғамның рухани тоқыраудан шығуы неғайбіл» дейсіз. Қазір өз заманының суреткерін іздейтін оқырман бар ма өзі?

– Мүлде жоқ деу болмас, сірә. Аз екені ақиқат. Бұл өзі көп факторлы мәселе. Менің ойымша, біріншіден, суреткерлеріміз санаулы, екіншіден, оқырмандарымыздың үлкен бөлігі әлемдік әдебиеттің қилы-қилы элементтеріне психологиялық, философиялық, көркемдік қабаттарын қазып оқып-түсінуге, өмір шындығын мистикалық, магиялық реализм тәсілдерімен тақымдап, тарқататын шығармаларға дайын емесі рас. Қоғамды рухани тоқыраудан сақтау, көп жағдайда, суреткерлерді былай қойғанда, ұлттың жандүниесінің жаппай көркемденуіне байланысты ма деп те ойлайсың. Яғни, әдебиетке бала кезден бетбұрыс. Мысалы, осы биыл АҚШ-тың Флорида штатында мектеп оқушыларына әдеттегідей үй тапсырмасының орнына әдебиетті оқыту туралы заң қабылдады. Осы жерде Ф.Достоевскийдің бәріміз білетін «Адамдар әбден азғындағанда әдебиетке бет бұрады» деген сөзі еске түседі. Ойланатын шаруа.

– Жазушылардан жақсы шығарма сұрасаң,  мемлекеттен қолдау жоғын алға тартады. Мемлекет төсіне медалін тағып, астына көлігін мінгізіп берсе, қаламы жүйтки жөнелетін болғаны ма сонда?

–  Жазушының жазушылығын міндет етуін түсіне бермеймін. Жазу – өмірімнің мәні. Онсыз, өзгені қойғанда, өзің үшін де «шіріген жұмыртқасың». Ал мемлекет қолдасын дейін. Үлде мен бүлдеге орасын. Жаза аласың ба шедеврді?! «Менің көп оқылып жүрген осындай жақсы шығармаларым бар, мемлекет соны көрмейді, елемейді, бағаламайды» деп сендіре алатын нақты дәлеліңді көрсетіп жатсаң жөн. Бермей жатып сұрасаң, ол жай әлсіздігіңді жаба тоқу, ақталу. Қаламақыны айтсаң, оны алса талантты шығармалар алсын. Әдебиеттегі, бізде орын алып келе жатқан жағымсыз жай, теңгермешілік те әдебиеттің түбіне жетеді

– «Аударылмаған әдебиет – артта қалған әдебиет» деген сөзіңізді түртіп алып едім. Біздегі аударманың бүгінгі аяқ алысымен озық әдебиеттердің қатарынан көрінеміз деу бос әурешілік емес пе?

– Шетелдерге биыл 100 көркем кітапты аудару жөніндегі Үкімет бағдарламасы – Президенттің рухани жаңғыру идеясы арқылы қазақ әдебиетінің басына орнайын деп тұрған бақ. Хош, сонда қай авторлардың шығармаларын аударту керек? Осы ретте айтып қалайық: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ». Алқымнан алып тұрған азаматтық бар. Міңгір-міңгірлердің атасының аузынан ұрайын дейтін мірдің оғындай өткірдің жүзі тұр, аузыңа сыймай. Сондағы айтпағың, әруақтарыңнан айналайын, асып туған хандарымыз, билеріміз, батырларымыз туралы жазылған құлаш-құлаш кітаптар шетелдіктерді қызықтыра қояр ма екен. Өздерінің тарихи тағдырларда рыцарлық, самурайлық және сондай-сондай адамзат әлеміне ежелгі елдің, сұрапыл ерліктің ғажайып үлгілерін сыйлаған және таңғалдырған көркем әдебиетінде де, көркем өнерінде де жер қозғалтып, көк тірегенін көрсетіп келе жатқан оларды таң қалдыра ала ма?!

Ары қарай, шетелге Үкімет бағдарламасымен әуелі біз аударылуымыз керек десіп, Мемлекеттік сыйлық алғандардың көбісі-ақ аяқ-қолдарын ысқылап жүргендері тегі рас. Көпке топырақ шашуға болмайды. Бар бізде, осы топтың ішінде ортадан оза шапқандар. Кімдердің әрқилы жағдайлармен алғандары да белгілі. Бұлардың бір жағында жатқан жыланның астынан жұмыртқасын алатын пысықтар сөзсіз жүреді.

Әлем оқырмандарына керегі, біздің пайымдауымызша, әлемдік әдебиеттің сұранымына лайық, әр ұлтқа, әр адамға тиесілі, бәрінің бірдей жан тебіренісін тудыратын, армандарын, мақсат-мұраттарын, азап-шерлерін ортақ алып қозғайтын, исі адам атаулыға не тән, соның барлығын бір уысқа сыйдырып әкете алатын, кез келген қоғамға, жер дүниедегі қол жеткен рухани құндылықтарды, өмір сабақтарын, өркениеттердің өмір дегенде, өліспей-беріспейтін өміршең өнегелерінің теңдей тиесілі екенін еске салып отыратын көркем шығармалар.  Габриэль Маркесті алайықшы. Алақандай Колумбияның тумасы. Күллі әлемге әйгілі. Болатыны, ол «Жүз жылдық жалғыздығында» егер адамзат азғындауын тоқтатпаса, жалғыз сәтте топан судың астында мәңгіге қалатынын ескертті.

Өздерің де оқыған шығарсыңдар, Стефан Цвейгтің «Бейтаныс әйелдің хаты» деген бар-жоғы 8-9 беттік әңгімесін. Осыны оқымаған оқырман жер бетінде жоқ та шығар. Әйел сүйіспеншілігінің қасіреті және ешкім күтпеген жерден шыға келген құдіреті. Сонда қалай? Жұмбақ. Сол жұмбақтың жауабы оқырманын әлі күнге ойландырып келеді.

Мемлекеттік бағдарлама болған соң, мемлекеттік комиссия да құрылар, мүмкін құрылып та қойған шығар. Әңгіме, соның мүшесі кімдер болады?! Мемлекеттік бағдарламаның аты мен абыройын ойлайтын, әдебиеттанымы әлемдік әдебиеттің сұранымына сай, адалдығы мен азаматтығы бірдей біліктілер ме, о жағын уақыт көрсетер. Әйтеуір шетелдіктердің күлкісіне қалмайық. Көңілдерін қалдырып алмайық. Менікі – пікір, ұсыныс, тілеу. Ойлаймын ғой, шіркін, М.Әуезовтің «Қаралы сұлу», «Қорғансыздың күні», Әбіш ағаның «Шыңырауы», Төлен Әбдіктің «Оң қолы», Тынымбайдың жазғандары тектес шығармалар аударылса деп.

– Заман өзгерді –  сана өзгерді: қабылдау басқа, түйсіну бөлек. Демек жазу да жаңғыруы керек. Бірақ жазушылар мұны елегісі келмейтін секілді. Қаламды ескі сүрлеумен сүйретіп үйренген қаламгерлер жаңа соқпақ іздеуге еріне ме, әлде жаңалық атаулыдан үрке ме?

– Заман өзгергенмен, сана… Бұл өзі… «Әй, қайдам» дейтін әңгіме. Оқырманның санасы өзгеруі үшін, жазушы қауымы одан оқ бойы озық тұрсын де. Қай кезде де уақыттың көксегені сол болды. Қайтесің, алдымыздағы ағалардың көбі, енді біз, оқырманның жуан ортасында жүріп алдық. Бұл рас. Өтірік дегендердің өздері білер. Ал жаңа заманның жаңа соқпағы, жаңалығы дегеннен ешкім қашпайды. Бірақ ондай қабілетті Жаратушы бермесе қайтеді. Өзің айтпақшы, ескі сүрлеумен сүйретіле береді. Жыл сайын кітаптарын шығарып жатады. Оларының санын 20-30-ға дейін жеткізіп тастағандары да бар деседі. Не деген еңбекқорлық! Амал не, еңбекқорлық пен талантты қатар қою көргенсіздік. Соңғысынан алдыңғысы садаға кетсін, әрине. Оған қарайтын әзірге ешқайсысы жоқ, керісінше үдеп барады. Журналист те – жазушы, филолог та – жазушы, ардагерлер де – жазушы…

– Руханиятымыздың тағылымды тарихына үңілсек, әр кезеңнің әдебиетіне белгі-бедеріне сай атау берілген.  Бүгінгі әдебиетке қандай айдар тағуға болады?

– Сұрағыңның астарын түсіндік. Егер қазақ әдебиетінің алтын ғасыры қайсы десек, өзім әркез айтып жүргенімдей, ол ауыз әдебиетіне тиесілі. Бұқар жырау, Ақтамберді, Сүйінбай, Марқасқа, Үмбетей, Шөже, Шернияз, Шортанбай, Мұрат, Махамбет және басқа да салған жерден самғап шығатын саңлақтар. Өз замандарының ақиқатын аяусыз айтып, аузы алты қарыс алпауыттарды албастыдай басып, халықтың қамын жеген, елдік пен ерлікті жырлаған, орақ ауыз оғландар. Ханнан қаймықпаған, байды басындырмаған.

Ал енді, әдебиетімізде көркемдік бетбұрыс, көркемдік үрдіс, кемелдену кезеңі дейтін реттер бар деп ойлаймын. Кеңес Одағы кезіндегі әдебиетті алтын ғасыр дегенге, анау айтты, мынау айтты дегенге қосыла алмаймын. Орыстар әдебиетінің Алтын ғасырына Л.Толстой, Ф.Достоевский, А.Пушкинді ғана қосады. Тіпті, күллі әлем прозасын бас алмай оқитын, пьесалары қойылымы жағынан биыл Шекспирді артқа қалдырған А.Чеховты күміс ғасырға жатқызады. Талғам, танымның таңдай қақтырар тұсы да осы болар. Ал сен, өз әдебиетіміздің қазіргі айдарын сұрайсың. Қазіргі әдебиетіміздің айдары, ішінде мына өзім де жүрген, кешегілер қызыл идеология жапқан шапанның екі жеңін жаңа-жаңа шешіп үлгеріп жатқан осы заманның «Көркем көңілі».

– Сөреңізде қайталап оқудан жалықпайтын кітаптардың қатары қалың ба?

– Ол біраз ғой.

– Өз шығармаларыңызға жиі үңілесіз бе? Жазғандарыңызды жылдар өткен соң парақтап отырып, оқырманнан ұялған сәттер болды ма?

– Оқта-текте. Өйткені оқып алып, оқырмандарымнан ұялып отырғым келмейді. Әсіресе, әуелде жазғандарым… Әй, осы дұрыс-ау дегендерінің өзінен өкініштерім өріп  шыға келеді. Қалай жіберіп алғанмын деп өзімді- өзім талап тастаймын. «Мүлде қойсам қайтеді» деген де кездер көп. Бірақ жандүниеңе судай сіңіп, тастай батып алған жазу дерті иектейді де тұрады. Алма-кезек қоршаған ортаның азап-шерге салатын біртүрлі құбылыстарына жұлдызы қарсы ойынды еті он бөлек ойлар да келеді. Жазуға бата алмаймын. Шамам жетпейтін сияқты. «Ит те жілікті артына қарап жұтады» деген жұрттың сөзі және сүйектен өтеді. Әрі-сәрі ит тірлік, кейде осы жазушылық.

– Көптен оңашалау жүретін бүгінгі қаламгерлер сіздің «Жазушының жалғыз досы  – жалғыздық» деген сөзіңізді қалқан көреді… Ортадан оқшауланбайынша оқырманның жақынына айналам деу бекер ме сонда?

– «Жазушының жалғыз досы – жалғыздық»…  Осы сөзім ылғи алдымды орай береді. Өзіме тиесілі шыным еді. Таңдаған тағдырым болатын. Талай-талай қалтаң-селтеңдіктен сақтап қалған сабырым. Өзімді өзіме танытқан ақылшым. «Ертеңде шапса, төсте озған» ерік-жігерім. Оның қадіріне білгендер ғана жетеді.

Жалғыздықтың құдіреті – ойы мен қиялында. Ол өзінің ой-қиялымен өмір мен өлімнің арасында өтетін адамның қамшының сабындай қысқа ғұмыры  көп жағдайда беймәлім әлемінің түкпір-түкпіріне қарай, бары мен жоғын түгендеп көруді көксеп бара жатады. Одан не шығып, не қойып жүр, түсін түстеп, атын атап бере алмаймын. Сірә, «қырып-жойып» бара жатқаным шамалы. Мейлі, қалай болған күнде, өзіме адалмын.

– Театрға барсаң да, киногерлер мен қаламгерлермен тілдессең де еститініміз бір: «сын жоқ». Шығармам сыналды деп жүргендерді расында да кезіктіре бермейсің. Мақтамен бауыздайтын баяғының сыншылары келмеске кеткен секілді. Көңілжықпастық көбейді ме, әлде туындыны талдап-таразылауға өресі жететіндер азайды ма?

– Осымның дұрыс-бұрыстығын қайдам, жазушының сыншысы – әуелі өзі. Сын бөтеннің ойы, бөтеннің танымы. Онымен келісу-келіспеу сенің шаруаң. «Өз ақылым ақыл-ақ, кісі ақылы шоқырақ» деген ойға түседі.

Кімнің де ең басты сыншысы – оқырманы. Шығармаң оқылып жатса, оның оқырманға ұнағаны. Тамырын тап басқаның. Талғамына сай келгенің.

Баяғының сыншыларының мақтамен  бауыздағандары, көп жағдайда идеологияның  жарапазаны еді. Орыс сыншылары В.Белинский, Писарев, берідегі Ф.Кузнецов, тағы тағыларының  цитаттарына сүйенген қызыл сөз болатын. Сенің баяғыда мақтамен бауыздайтын сыншыларыңыз шынында да білгірлер болса, қазақ әдебиетін әлемдік әдебиеттің  концептуалдық жетістігіне қарай бағыттап көзін ашып, көкірегін оятып бермейтін бе еді. Көпке топырақ шашпаймын, жалпы алғанда шындық осындай.

Өрені айтасың. Осы бастан басын ашып алатын орынды сөз, оларға жаңа сипаттағы, өрісі өзгеше  әрі тосын шығармаларды танып-талдау оңай болмай қалған сыңайлы. Жұмбағы мен құпиясына құрық бойламайтын шығармаларды жіліктей шағып, жібектей есіп бере алатын сыншының ілуде біреу екені өкініш.

Сын да жеке жанр. Қисынын тауып, қиюын келтіріп, қылпып тұратын өткір өнер. Сыншылардың осындай жаңа тұрпаттағы тұлғалары өсіп шығар  деп үміт етеміз.

– Бүгін жастардың әдебиет деп жастанып оқып жүргені  – күйеудің тілін табуды үйретем деген әйелдердің, кәсіпте табысқа жетудің  жолын көрсеткісі келетін еркектердің «ақыл» топтамасы.  Мұндай «шедеврлардың» әдебиетке үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын өскелең ұрпаққа ұқтыру үшін қайтпек керек?

– Орекеңдерде «Каждый по своему с ума сходит»  деген сөз бар. Бұл құбылыс әр кезде-ақ болған. Мәселе түптеп келгенде әркімнің туысына байланысты. Ата-бабаның: «Бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең, ала бер» дегені еске түседі. Дәл қазір қалай көкимін десе де өзі білетін көрінген көлденең көк аттылар кітап жазып, оны жандары қалмай жарнамалап, таратып жатқан, желдір-жекемдер соның жетегінде кеткен алмағайып заманда олардың бетін шынайы әдебиетке бұру оңай шаруа емес. Десек те жастарымызды түгелдей қаралауға болмайды. 2015 жылы  «Қазақ әдебиетінің» 85 жылдығына байланысты ҚазҰУ-дың ғимаратында үлкен жиын өтті. Фойеде келе жатырмын. Кенет мені 10-15 қыз бала дереу қоршап алып, сұрақты жаудырды келіп. «Постмодернизм, магия, мистика, сюрреализм» дегенді түсіндіріп беріңізші десіп. Сол кезде журналистика мен филология факультеттерінің декандары жетіп келіп: «Ағаларыңды ұстамаңдар, жиын басталғалы жатыр. Керек  десеңдер, арнайы шақырып, кездесу өткізейік» деді.  Артынан естісем, аталған екі факультетте әдебиет теориясы бойынша өтетін лекцияда менің де бірді-екілі шығармам жайлы дәріс оқылады екен. Мен жастарымыздың әдебиетке деген құштарлығына марқайып қалдым. Демек, үмітімізді үзбейік.

– Қазақтың біртуар ұлы, еліміздің халық жазушысы Шерхан Мұртазаны рухани дос, аға тұтып, үнемі жанынан табыласыз. Сіздің де ағалық ақылыңыз бен рухани қолдауыңызға сүйеніп жүргендер көп болар. Өкшеңізді басқан інілердің ізетіне көңіліңіз тола ма?

– Ағаға ізет… Иіліп, бүгілу емес ол. Атадан қалған аманат. Арыстан туған Шерағамның қадіріне жетсем,  парызым. Қай кезде де бір-бірімізге айтсақ, адалын айттық. Тіпті, кейде бетің бар, жүзің бар демейтін кездеріміз де бар еді. Бірде: «Шераға, осы «Бір кем дүние»  кітабыңыз нелеу ме, қалай?» деп қалдым. «Сонда неғылдейсің? – деді бүкіл денесімен бері бұрылып. – Айтшы, қане».  «Бір таң дүниені» жазғаныңызда болатын еді». «Өзің жаз». «Шераға-ау, ол менің қолымнан келмейді ғой». «Менің қолымнан келеді деп кім айтты саған?..».  Қосыла күліп жібергенбіз. Мен сұрағыма, ол жауабына разы ма, немене.

Жазушы Марал Сқақбаев ағамыз: «Шерханмен талай жолы дастарқандас болғанбыз, түнереді де отырады, сені көрсе, жайылып салып, жайнап кетеді, о қалай?» – деп сұраған-ды. Себебі екеуміздің ой-жүйемізде, мінезімізде жақындық, бауырмалдық болу керек. Басқа не?!

Жасы сексеннен асқанда, қайсыбір күні қатты ауырып, ауруханаға түсіп қалды. Жанымда екі азамат бар, бардым. Сұп-сұр болып, сұлық жатыр екен. Қорқып қалдық. «Мұртаза мұрттай ұшыпты, сірә, саудасы бітер деп тұрсыңдар ма? – Ол кісі әлсіз сөйледі. – Өйтпеңдер, әзір».

Жанында біраз отырғанда, ағам маған қайта-қайта қарап: «Сен аман бол, сен аман бол, сен аман бол» деп үш рет қайталады.

Неге бұлай еткенін кім білсін?! Бәлкім, деп ойлаймын, ұзақ  жылдарғы інілік адал ілтипатыма разы көңілі ме…

Ағалық ақылым мен рухани қолдауыма сүйеніп жүргендер, Құдайға шүкір, Қазақстанның кез-келген қиырынан табылып жатады. Көбісін көзбе-көз көрген де емеспін. Телефон шалады, әдебиет пен азаматтық  қана емес, қоғамның қозғаушы күші – ақыл-сана, парасат жайында әңгіме-дүкен құрамыз. Кейде, Алматыдан топ құрап келетін жас әдебиетшілер бір төбе. Тараз қаласындағы талантты інілерім қазақша айтқанда, «құдайындай сыйлап» жүреді. Солардың жұмысқа орналасып кетулеріне де бел шешіп, кірісіп отырамын.

Жалпы, талантты қыз-жігіттермен кеңінен кеңес құрып отырғанда, олардың соны ойларымен өзіңді де тәрбиелеп отырсың.

– Не жазып жүрсіз?

– Жазушы өзіне-өзі үзіліс беріп отыруы тиіс қой. Баста жазылып жүретіннің барлығын бұрқыратып қағазға түсіре беретіндей желбір-жекен емеспін. Нені, неге, қалай жазу жан қинайды. Ақылың  жеткен жерге талантың, талантың жеткен жерге ақылың жетпейтін жағдайлар бар. Сондықтан қалқам, қазір жазып жүргенім жоқ, жанымды жеп жүрмін.

–  Жаға ұстатудан жалықпайтын «тосынсыйы» көп қоғамда күйінетіңіз не, сүйсінетініңіз не?

–  Ұлттық Ес деген ұғым бар. Егер ол қазақтың рухани Алтын қазығына айналмаса, қоғамда күйінішің көбейе береді. Сүйінетінің соны қоғам түсініп, Есті түзетудің пәрменді әрекеттерін жасап жатыр. Осы бағыттағы Президентіміздің Рухани Жаңғыру концепциясы тарихи тағдырымыздағы Жанұран!

– Уайымыңыз көп пе?

– Уайымсыздық ұлттың соры. Уайым жазушыда қырық қабат.  Әр қабатында аңыраған азап-шер. Қоғамның да, адамның да қайғы-қасіретін  қаз қалпына айта алатын – қоғамның да, адамның да қайғы-қасіретіне қан жұтып, қабырғасы қайысатын азабы бар, шері барлардың қасиеті. Ақиқаттың айбалтасы қап түбінде жатпайды.

– Несаға, жетпіске дейін жетсем деп көксегеннің бәріне қол жеткізе алдыңыз ба?

–  Олай болса, пайғамбарға айналып кетпес пе едім. Төбеге шықтым, төбеден тауға жеттім, таудан оның ұшар басына бет бұрдым дейтіндей, бітіре қойған бәлендей түгім жоқ. Әйтеуір, барға қанағат, жоққа салауат. Осыны мойындап, айта алғаныма да, шүкір!

– Өтінішімді жерге тастамай, қат-қабат тіршіліктің арасынан әңгімелесуге уақыт тапқаныңызға рахмет! Аман болыңыз, аға!

– Бар бол, айналайын!

 

Сұхбаттасқан  Анар ЛЕПЕСОВА

Редакция таңдауы

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...
1 2

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша...
05

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің...
f47ccd67e7e8fb3980aae6fd6c48c42a

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі...

Жаңалықтар

Дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазгидромет синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 9 облысында дабылды ескерту жариялады. 8 наурызда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп...

Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған көп салалы ауруханасына барып, облыстағы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген, індетпен күресте алдыңғы шепте болған бірқатар нәзік...

Дзюдодан париждегі Grand Slam турнирі қазан қаласына ауыстырылды

Дзюдодан 5-7 мамыр күндері Парижде өтуі тиіс Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметі хабарлайды.  Франция тарапының...

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында бақ сынаған Қазақстан балуаны Жансай Смағұлов турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 73 келіде сынға түскен...

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті...

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады....

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Ақмола облысының қыздары 4 алтын медаль иеленді

ШҚО Өскемен қаласында жалауын көтерген әйелдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бәсекеде Ақмола облысының төрт қызы төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық...

Қарағандыда көлік ішіндегі арыстан жұртты таңдандырды

Қарағандыда көлік терезесінен қарап тұрған арыстанның суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Экология министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап, арыстан Қарағанды хайуанаттар...

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген ақпаратқа сәйкес, баланың еш жеріне зақым келмесе де, аман қалмады. Бала әкесімен бірге...

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді. Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге...

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...