Жаңалықтар

Балабақшаны оңтайландыру: оң шешім бе, әлде...

ашық дереккөзі

Балабақшаны оңтайландыру: оң шешім бе, әлде...

Елімізде жыл сайын сандаған балабақша салынып, пайдалануға берілсе де, орын жетіспеушілік мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Әсіресе, соңғы жылдары Алматы қаласында бала туу көрсеткішінің артып отырғанын ескерсек, балабақша кезегінің уақытылы келуі де мұңға айналған. Бұйрықты орындауға міндеттіміз

–  Гүлмира Сайлауханқызы, сіз келгелі балабақшада біраз өзгеріс жүріп жатқанға ұқсайды. 4 орыс тобының ашылуына байланысты ата-аналар тарапынан шағым түскенін естіген шығарсыз... –  Негізі жоба бойынша балабақша 12 топқа лайықталып салынған. Өзім былтыр желтоқсан айында келдім. Маған дейін 8 топ жұмыс істесе де, жарғыда 12 топтық деп тұр. Қазір қала әкімінің бұйрығы бойынша, балабақша топтарын оңтайландыру жұмысы қолға алынды. Балабақша жоба бойынша 195 балаға арналған. Қазір 175 бала келіп жүр. Енді 4 топқа 80 бала қабылдауға рұқсат берілді. Бәрі заңды түрде. Бұл топтарды өз еркіммен ашуға құқым жоқ қой. Кез келген балабақшадағы жағдай осы. Біздің балабақша қазақ және орыс тілінде. Жарғыда да солай жазылған. Оның үстіне сұраныс та орыс тобына түсіп отыр. Қазіргі балалардың жатын орны бұрын топ бөлмелері болған. Біз бар болғаны соны қалпына келтіріп отырмыз. Санитарлық талапқа қайшы емес. Егер сай болмаса, бізге бұл топтарды ашуға рұқсат бермейтін еді. Ал ата-аналардың арыз жазып, шу көтеріп жүргенін білемін. Әзірге балалар сығылысып жүр. Себебі жаңа топтар ашуға орай жиһаздар да ауысады. Бұдан былай бәрі бір бөлмеге жайғасатындықтан, төсектер де қос қабатты болады. 2 аптадан соң бәрі орнына келеді. Жаңа жиһаз әкеліп, орын да кеңейе түседі. Жоба бойынша балабақша 12 топқа арналып салынса, оны қалай өзгертеміз? Иә, ата-аналарды да түсінемін. Олардың уәжін Білім басқармасына жеткіздім. Бірақ «ашу керек» деп міндеттеді. Сенсеңіз, қазірдің өзінде кейбір ата-аналар «орыс тобы ашылса, бізді сонда жіберіңізші. Біз орыс мектебіне баратын едік» деп айтуда. Міне, соларды «орыс тобына ауысыңдар!» деп ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ.  Ал тәрбиешілерге қысым жасалады деген бос әңгіме. Кез келген топ тәрбиешісінен сұрап көріңіз, не дер екен? Әлия Сағиева, Алматы қалалық Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің басшысы: