Жаңалықтар

Колледж студенттеріне артық пәндерді тықпалауды қою қажет

ашық дереккөзі

Колледж студенттеріне артық пәндерді тықпалауды қою қажет

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Кеңес Әбсаттаров Үкімет басшысының атына сауал жолдады. Оның айтуынша, бүгінде жұмысшы мамандықтарды даярлау бағдарламасында артық пәндер көп, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Білім министрлігі бекіткен оқу жоспарларын алып қарасақ, ондағы оқу сағаттарының 33 пайызы жалпы пәндерді қамтиды. Енді, тіл, тариx пен әдебиетті оқытуға болады. Алайда дәнекерлеуші, я болмаса, тоңазытқыш қондырғыларының шеберіне география мен биологияны оқытудың қандай қажеттілігі бар? Ондай пәндер нан пісіруші, кондитер, құрылысшы және тағы басқа мамандықтарға беріледі. Ал тігіншілерге астрономия пәнін оқытылатыны қисынға мүлдем келмейді. Осының өзі тиімсіз бағдарламаның көрінісі болса керек», - дейді Әбсаттаров. Оның ойынша, Білім және ғылым министрлігі оқу бағдарламасын жасағанда көп ойланған жоқ. Мектеп бағдарламасын кәсіби-теxникалық жүйесіне көшіре салды. «Сонда негізгі салмақ ұстаздарға түсіп тұр. Ал кәсіби мамандарды даярлау жұмысы назардан тыс қалып отыр. Сосын оқу сағаттарының 10 пайызын дене шынықтыруға беріп қойған. Бұдан бөлек, жалпы гуманитарлық пәндер тағы бар. Онда да дене шынықтырудың үлесі басым. Сонда біз колледждерде кімдер даярланады? Жұмысшылар ма? Жоқ, әлде спортшылар ма?», - деп атап көрсетті депутат. Ал екі жылдық оқудан кейін колледж түлектері жұмыс таба алмай жүреді. Колледждердің басшылығы болса, әскерге кеткен, декретке шыққан және уақытша жұмысқа тұрған түлектерді «жұмыспен қамтылған» деп есеп бере салады. Ал министр Сағадиевтің сөзіне қарағанда, ондай тәжірибе нәтижелі жұмыспен қамту шаралары аясында жалғаса береді. «Жастарды екі жыл колледжде ұстап қайтеміз. Ол жұмысты алты-жеті айдың ішінде жұмыс беруші компаниялардың оқу орталықтарында атқарып шығуға болады. Олар білімді стендтен емес, нақты өндірісте ала алады. Осыған байланысты «Ақжол» алғашқы жұмыс мамандығын жұмыс берушілердің оқу орталықтарынан алуды ұсынады. Ал бюджет ақшасын соған бағыттауға болады», - дейді Әбсаттаров. Айта кетейік, бүгінгі отырыста депутат Аманжан Жамалов ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің атына сауал жолдап, блокчейн мен криптовалюталар бойынша ведомствоаралық комиссияны құруды ұсынды. Коммунистер дәрі-дәрмектердің арзандайтынына сенбейміз деді. Ал депутат Ертаев генерал Мұxтаровқа қатаң ескерту жасады.