Қырғызстанда орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болуы мүмкін
Қырғызстанда орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болуы мүмкін
Парламент депутаты Ирина Карамушкина Қырғызстанда орыс тілін екінші мемлекеттік тіл етуді ұсынды. Ол бұл жөнінде 2 қыркүйекте Жогорку Кеңеш отырысында мәлімдеді.
"Конституцияға сәйкес біз зайырлы демократиялық мемлекетпіз. Бірақ мен бір елде бес мемлекеттік тіл барын білемін, оларда ешқандай наразылық жоқ. Біз де елде қырғыз және орыс тілін мемлекеттік тіл етіп жарияласақ", - деп мәлімдеме жасады депутат вице-премьер Шолпан Сұлтанбекованың атына.
Ирина Карамушкина Шыңғыс Айтматовтың "Қырғызстан бұл екі қанатын бірдей қағып биікте ұшатын құс. Бұл қанаттары орыс және қырғыз тілі" деген сөздерін мысалға келтірді.
Вице-премьер Шолпан Сұлтанбекова "бұл үлкен саяси мәселе" деп жауап берді. "Аудан және облыс өңірлерінде қырғыз тілімен проблема жоқ. Онда керісінше, орыс тілі өткір болып тұр. Біз қырғыз мемлекетіміз. Сол себептен қырғыз тілі біз үшін маңызды. Егер шенеуніктер қырғызша сөйлей бастаса, әрине көп мәселе шешілуші еді", - деп атап өтті вице-премьер.
2001 жылы Қырғыз Конституциясына орыс тілі ресми тіл болып өзгертілген.