Ресей Анкараға С-400 зенит кешенін жеткізіп береді

Ресей Анкараға С-400 зенит кешенін жеткізіп береді

Ресей Анкараға С-400 зенит кешенін жеткізіп береді
ашық дереккөзі
Түркия мен Ресей Анкараға зымыранға қарсы ресейлік С-400 зенит кешенін жеткізу жөнінде келісімге қол қойды. Бұл жөнінде Кремль хабарлады, деп жазады Орта Азияның жаңалықтар қызметі.
Ресей президентінің әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі көмекшісі Владимир Кожин ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында "барлық қабылданған шешімдер келісім-шартта дәл көрсетілген" деп мәлімдеді. Кейбір БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, келісім құны екі жарым миллиард долларды құрайды. Вашингтон болса С-400 зенит кешені НАТО-ның әскери-техникалық талаптарына сәйкес келмейді деп алаңдайды. Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоган егемен елді қорғау үшін қару-жарақ және техника сатып алуға толық құқығымыз бар деп мәлімдеді.