Нұрсұлтан Назарбаев: Цифрландыру барысында ақша «желге» ұшпауы тиіс
Нұрсұлтан Назарбаев: Цифрландыру барысында ақша «желге» ұшпауы тиіс
Цифрландыру барысында ақша «желге» ұшпауы тиіс. Бұл туралы цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Президентінің мәліметтеріне сәйкес, Ресей цифрландыруға бастапқы кезеңде 1,5 трлн рубль бөліп, 2024 жылға қарай жалпы ішкі өнім өсімін 5,7 трлн рубльге жеткізуді мақсат етіп отыр.
«Бұл өте дұрыс. Бірақ, серпіліс емес. Дегенмен, бірліктерден көп. Ал біздің бағдарлама әзірлеушілер қанша табыс алмақшы? Біз осы жерде көріп отырғанымыздай естімедік. 2021 жылға қарай 251 млрд шығындамақпыз. Маған бергендеріңізден де көп жобаны санап шықтым. Ал бұл бағларламалардың берері қанша? Сандар жоқ. Яғни, осылай жұмыс істейтін болсақ, онда ақша желге ұшады және ұрланады. Сондықтан да мақсатымызды анықтап алайық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының айтуынша, отандық бағдарлама әзірлеушілер мен шет елден тартылатын кеңесшілер тиімділігін тиісті деңгейде жоспарламайтын болса, онда оны идеология немесе басқа да себептермен Қазақстанның дамуын тежеуге, тоқтатуға бағытталған қадам болуы мүмкін.
«Мен дәл солай деп отырғаным жоқ. Бірақ солай болуы да мүмкін. Мұны да ескерген жөн», - деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы елді цирландыру мақсат емес, ол Қазақстанның түбегейлі басымдығына қол жеткізудң құралы екендігін баса айтты. «Онсыз өзін құрмет тұтатын ел дұрыс өмір сүре алмайды. Бәсекелестікте басым түспесек артта алып, алда келе жатқан мемлекеттердің шаңын жұтатын боламыз. Күрт өсім, табыс, өнімділік пен капиталдандыру - міне іс осында жатыр. Цифрлық экономиканың берері де осы», - деді Қазақстан Президенті.