Қырғызстанда президент сайлауына 10 млн доллар шамасында ақша бөлінген

Қырғызстанда президент сайлауына 10 млн доллар шамасында ақша бөлінген

Қырғызстанда президент сайлауына 10 млн доллар шамасында ақша бөлінген
ашық дереккөзі
Қырғызстанда президент сайлауына 10 млн доллар шамасында ақша бөлінген. Қырғызстанда президент сайлауына 670 млн сом (шамамен 10 млн АҚШ доллары) қарастырылған. Бұл жөнінде Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтылды. Қырғыз президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша, ел басшысы Алмазбек Атамбаевтың төрағалық етуімен өткен кеңесте Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекова баяндама жасаған. Ол сайлаудың дайындық жұмыстарына және өткізуге мемлекет қазынасынан 670 млн сом бөлінгенін хабарлады. Бірінші кезеңге 538 млн сом қарастырылған, ал қалған қаражат екінші кезең өту қажеттілігі туындағанда жұмсалады. ОСК басшысы сайлаушылардың толық тізімі 5 қазанда белгілі болатынын айтты. Ол сонымен бірге дауысты санау бағдарламасының жетілдірілгенін атап өтті. "Жүйе автоматтандырылған, адамдардың араласуынсыз жұмыс істейді. Сыртқы күш арқылы сайлау нәтижесін өзгерту мүмкін емес",- деп атап өтті ОСК төрайымы. Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді.