БАҚ: Сирия оппозициясы Астанадағы келіссөзге қатысады

БАҚ: Сирия оппозициясы Астанадағы келіссөзге қатысады

БАҚ: Сирия оппозициясы Астанадағы келіссөзге қатысады
ашық дереккөзі
БАҚ: Сирия оппозициясы Астанадағы келіссөзге қатысады. Ресейлік РИА "Новости" агенттігі Сирия қарулы оппозициясы осы аптада Астанада өтеді деп жоспарланған Сирия бейбіт келіссөзінің кезекті кезеңіне қатысатынын растағанын хабарлады. Агенттік ақпаратына қарағанда, оппозиция өкілдерінің негізінен Сирияда төртінші деэскалация аймағын құру жайы талқыланатын келіссөзге қатысатынын оппозиция делегациясының ресми өкілі Яхья әл-Ариди растаған. Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сирия қақтығысын реттеу жөніндегі бейбіт келіссөздің алтыншы кезеңі Астанада 14-15 қыркүйекте өтетінін хабарлаған болатын. Келіссөзден бір күн бұрын гарант елдер - Ресей, Түркия мен Иранның бірлескен жұмысшы тобының отырысы өтпек. Ресей, Түркия мен Иранның бұған дейін Астанадағы келіссөзде дайындаған жоспары бойынша, төртінші қауіпсіздік аймағы Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында құрылмақ.