Оқу бөлмелеріне сыймаған атыраулық оқушылар дәлізде білім алуда

Оқу бөлмелеріне сыймаған атыраулық оқушылар дәлізде білім алуда

Оқу бөлмелеріне сыймаған атыраулық оқушылар дәлізде білім алуда
ашық дереккөзі

Атырауда оқу бөлмелеріне сыймаған оқушылар дәлізде оқуға мәжбүр. Яғни үш ауысымды жою үшін қазір мектеп дәліздері пластикпен бөлініп, шағын сыныптар жабдықталып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Мұндай өзгерістер әсіресе жаңадан салынған, дәлізі кең мектептерде жасалуда. Қазір қалада осындай 4 мектеп бар. Білім басқармасындағылардың айтуынша, биылғы облыстағы оқушылардың саны - 112 000. Оның 15 мыңы - бірінше рет мектеп табалдырығын аттағандар. Бұл былтырғымен салыстырғанда бес мыңға көп болып отыр. "5 күндікке көшуге байланысты бүгінгі таңда үш кезеңге шығып кету қаупі бар мектептерді осы амалдан шығып, талапқа сәйкес, балалардың денсаулығына кедергі келтірмейтіндей қылып, бөлмелерді бөлген болатынбыз сыныпқа", - дейді Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова.