Павлодарда оқушы қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісі екі айға қамауға алынды. 30 жастағы Наталья Пекнич енді сот басталғанға дейін тергеу изоляторында отырады деп хабарлайды КТК арнасы.
Естеріңізге салсақ, 7 қыркүйек күні апалы-сіңлілі екі оқышыны трамвай таптап кеткен болатын.
10 жасар Махаббат сол жерде көз жұмса, оның сіңлісі жедел ауруханаға жеткізілген. 8 жасар Маралдың жағдайы әлі де мүшкіл.
Енді осыған қатысты тергеу біткенше күдікті әйел қамауда отыруы тиіс.
«Орта білімді, кәмелет жасына толмаған бір балалы, бұрын сотталмаған Натаья Пекничке қатысты 2 айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасына санкция берілді. Азаматша Қылмыстық кодектің 345 бабы үшінші тармағы бойынша айыпталып отыр. Соттың бұл шешемін үш күн ішінде бұздыруға шағымдануына болады», – дейді Павлодар қаласы №2 сотының судьясы Әсет Сүлейменов.