Алматының ең сұлу аруы анықталды
Алматының ең сұлу аруы анықталды
Алматы аруы-2017 сұлулық байқауы өз мәресіне жетті. Үш ай бойы бақ сынасқан 400 арудың ішінен Сабина Әзімбаева оқ бойы озып шығып, тәж иегері атанды.
Финалға өткен 10 қыз видео таныстыру, көрсетпен дефиле, көше музыкасына би, шығармашылық байқау, бетпердемен және кешкі көйлек киіп дефиле көрсетті.
Тұран колледжінің студенті би билеп, ән айтқанды ұнатады екен. Шығармашылық байқауда ол басына кесе қойып ұйғыр биін биледі. Демеушілердің арқасында жеңімпаз 10 млн теңге көлемінде сыйлық, «Қазақстан аруы-2017» мен «Әлем аруы-2018» байқауларына жолдама алды.
«Әлем аруында ондаған елдің өкілдері қатысады. Мен біздің қыздар ештеңе ұтпай жүр дегенге қарсы болар едім. 2000 жылы Маргарита Кравцова 1-орын алса, 10 жылдан соң Альфина Насырова үздік алтылыққа өтті. Дина Нұралиева 10-дықта болды. Сабинаның мүмкіндігін арттыру үшін дизайнер Камилла Бахты шақырамыз. Мүмкін шетелдік маманды да тарту керке пе еді. Бірақ ол бюджетке байланысты»,- деді Совет Сейтіов.