Алматыда бензин мен дизель жанармайы қымбаттады

11 қыркүйек, 2017 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Алматыда бензин мен дизель жанармайы қымбаттады Алматы ірі жанармай бекеті желісінде бензин мен дизель жанармайы бағасы өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
 "ҚазМұнайГаз" жанармай бекетінде АИ-92 бензинінің бағасы артты, тамыз басынан бері 144 теңгеге дейін артқан. АИ-95 бензинінің бағасы да үш теңгеге артып, 158 теңге болды, ал дизель тамыз басынан бері төрт теңгеге артып, литрі 144 теңге болған.
Royal Petrol бекеттеріндегі бензин бағасы: АИ-92 – 145 теңге, дизель – 145 теңге, АИ-95 – 159 теңге. Sinоoil жанармай бекетінде бір литр АИ-92 екі теңгеге қымбаттап, 145 теңге болды. Дизель жанармайы мен АИ-95 бензині бір теңгеге қымбаттап, 144 және 159 теңгеге жетті. Helios бекеттерінде бір литр АИ-92  145 теңгеден сатылады, дизель жанармайы — 146 теңге, АИ-95 – 159 теңге. Ең жоғары баға "Газпром нефть — Казахстан" жанармай бекеттерінде: АИ-92 – 147 теңге, дизель жанармайы – 147 теңге, АИ-95 – 168 теңге.