Алматыда бензин мен дизель жанармайы қымбаттады

Алматыда бензин мен дизель жанармайы қымбаттады

Алматыда бензин мен дизель жанармайы қымбаттады
ашық дереккөзі
Алматы ірі жанармай бекеті желісінде бензин мен дизель жанармайы бағасы өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
 "ҚазМұнайГаз" жанармай бекетінде АИ-92 бензинінің бағасы артты, тамыз басынан бері 144 теңгеге дейін артқан. АИ-95 бензинінің бағасы да үш теңгеге артып, 158 теңге болды, ал дизель тамыз басынан бері төрт теңгеге артып, литрі 144 теңге болған.
Royal Petrol бекеттеріндегі бензин бағасы: АИ-92 – 145 теңге, дизель – 145 теңге, АИ-95 – 159 теңге. Sinоoil жанармай бекетінде бір литр АИ-92 екі теңгеге қымбаттап, 145 теңге болды. Дизель жанармайы мен АИ-95 бензині бір теңгеге қымбаттап, 144 және 159 теңгеге жетті. Helios бекеттерінде бір литр АИ-92  145 теңгеден сатылады, дизель жанармайы — 146 теңге, АИ-95 – 159 теңге. Ең жоғары баға "Газпром нефть — Казахстан" жанармай бекеттерінде: АИ-92 – 147 теңге, дизель жанармайы – 147 теңге, АИ-95 – 168 теңге.