Алматы арқылы Францияға заңсыз кірмекші болған Ирак азаматтары ұсталды

Алматы арқылы Францияға заңсыз кірмекші болған Ирак азаматтары ұсталды

Алматы арқылы Францияға заңсыз кірмекші болған Ирак азаматтары ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда 4 адамнан тұратын отбасы Греция азаматтарының құжаттарымен Францияға өтіп кетпекші болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хбарлады. «Алматы» шекара бақылауы бөлімшесінің жасағы «Алматы-Ыстанбұл» бағытындағы рейстен жалған құжаттармен жүрген Ирак азаматтарын ұстады. Ұсталғандардың айтуы бойынша, олар «босқындар»  мәртебесін алу үшін Францияға өту мақсатында  Қазақстан Республикасының аумағын транзит ретінде пайдаланбақшы болған», - делінген Шекара қызметінің баспасөз баянында. Ведомство таратқан мәліметтерге қарағанда, аталған азаматтар халықаралық заңнама аясында кері бағытқа депортацияланды. Ұстау дерегі туралы ақпарат құқық қорғау және өзара іс-қимыл органдарына хабарланды.