Лондонда наразылық шеруі өтті
Лондонда наразылық шеруі өтті
Лондонда Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуына қарсы наразылық шеруі өтті, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Шараға ондаған мың адам қатысты. Оның арасында саяси партиялардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері бар. Шерушілер алдымен шаһардағы гайд-паркке жиналып, содан кейін парламентке бет алды. Өйткені ағылшын парламенті өткен бейсенбі күні премьер-министр Тереза Мэйге ұйыммен келіссөз жүргізуде ерекше өкілеттік беру мәселесін талқылауға кіріскен болатын.
Алайда шерушілер қазір Одақтан шығуды қолдаушылардың саны азайғанын айтады. Бірақ Британ үкіметі Brexit-ті қандай қиындыққа қарамастан жүзеге асыратынын бірнеше мәрте мәлімдеді.
Айта кету керек, Ұлыбритания Еуроодақты 2019 жылы наурыздың 29-ында тастап шығуы тиіс.