«Бітімгер. Сириялық түйін» кітабы жарық көрді
«Бітімгер. Сириялық түйін» кітабы жарық көрді
Ғылым және технологиялар жөніндегі Ислам ынтымақтастық ұйымының бірінші саммиті қарсаңында Қазақстан Президентінің көмекшісі Нұрлан Оңжановтың «Бітімгер. Сириялық түйін» кітабы ағылшын тілінде жарық көрді.
Кітап сириялық жанжалына қатысты күрделі мәселелерді реттеуіндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың роліне арналған. Атап айтқанда, кітапта Ресей-Түркия қатынастарын қалпына келтіру үдерісі туралы, сирияаралық байланыстарын қалыптастыру, сондай-ақ Сирия бойынша Астаналық үдерісінің басталуы туралы баяндалған. Кітаптың ағылшын тіліндегі нұсқасын британдық «Herdfordshire Press» баспа үйі жарыққа шығарды.
Сонымен қатар, ИЫҰ Астаналық саммитінің барысында әйгілі ресейлік жазушы Сергей Плехановтың араб тіліне аударылған «Жібектей есілмеген жол» («Не шелковый путь») атты фундаменталды еңбегі саммит қатысушыларына ұсынылатын болады («Dar Soual» баспа үйі, Бейрут, Ливан). Кітап Нұрсұлтан Назарбаев өмірінің тарихы, оның әлемдегі ең ірі саясаткерлерінің бірі ретінде қалыптасуы туралы баяндайды. С.Плехановтың еңбегінде қазақстандық көшбасшының жаңа тәуелсіз, өркендеуші мемлекет салуына, халықаралық қауіпсіздіктің нығаюына қосқан жеке зор үлесі туралы және заманауи әлемдік тәртібіне тигізген жағымды ықпалы жайында айтылады.
ИЫҰ Ғылым және технологиялар саммиті Астанада 10-11 қыркүйек аралығында өтіп, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің жабылуына орайластырылатын болады. Форумға 80-ге жуық ИЫҰ мүше-мемлекеттері, бақылаушы елдері, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар делегацияларының қатысады.